Маңғыстау облысының прокуратурасы әртүрлі уәкілетті органдардың лауазымды тұлғаларының кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқанын, негізсіз тексергенін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 17 лауазымды тұлға ӘҚБтК-нің 173 және 175-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Атап айтқанда, Ақтау қаласында, сондай-ақ Маңғыстау, Мұнайлы, Қарақия, Түпқараған және Бейнеу аудандарында заңсыз тексерулер, қызметтер үшін төлем жасаудан негізсіз бас тарту, негізсіз талап арыздар беру, құжаттарды заңсыз алу және тексерулерді тіркеу тәртібін бұзу фактілері анықталды.
Прокуратура кәсіпкерлердің құқықтарының сақталуына бақылау жүргізуді одан әрі жалғастырып, әрбір анықталған бұзушылық бойынша тиісті прокурорлық ықпал ету шараларын қабылдайды.