Ақсуда ішінде адамдар болған көлік суға батып кетті

Бүгін, 15:18 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Павлодар облысы Ақсу қаласында 2 балықшы отырған көлік суға батып кетті. Олардың денесі судан шығарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz жазуынша, 17 қыркүйекте сағат 00:30-да "112" пультіне Ақсу қаласында орналасқан Белая өзенінде екі адамы бар "Нива" көлігі абайсызда суға түсіп кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Павлодар қаласынан Ақсуға ТЖД Жедел-құтқару жасағының күштері жіберілді. Сағат 07:45-те құтқарушылар 1960 және 1977 жылдары туған ер адамдардың денесі судан шығарылды.

ТЖ департаменті су айдындарында әсіресе қараңғы түскен уақытта өте сақ болуды сұрады.

Тэгтер:

көлік Ақсу Су