Ерейментауда жарақат алған 15 жастағы ақтөбелік балуан қайтыс болды

Бүгін, 14:43 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Ерейментауда жарыс кезінде ауыр жарақат алған 15 жастағы ақтөбелік балуан көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты HALYQSTAN телеграм-арнасына сілтеме жасап.

15 жастағы спортшының денесі Ақтөбеге жеткізілді, туыстары оны жерлеуге дайындалып жатыр.

Еске сала кетсек, қайғылы оқиға 7 қыркүйекте Ақмола облысы Ерейментау қаласында болған. Перуаш Карімұлының құрметіне арналған қазақша күрестен Х халықаралық турнир барысында ақтөбелік балуан жарыс кезінде басынан жарақат алып, мойнын сындырған еді.

Зардап шеккен жасөспірім дереу Астанаға жеткізіліп, дәрігерлер бірнеше күн бойы оның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, аман алып қалу мүмкін болмады.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр.

Тэгтер:

Ақтөбе Балуан