Түркістан облысында тұратын бір әулеттің 3 ұлы әлем чемпионы атанды

Бүгін, 14:05 / Інжу Әлихан
«Turkistan»

Болгарияда армрестлингтен өткен әлем чемпионатында «Шардара Армспорт» құрамасының спортшылары, бір әулеттің үш ұлы қатарынан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл жетістік – отбасы тәрбиесінің, қажырлы еңбектің және «Шардара Армспорт» мектебінің жүйелі жұмысының нақты жемісі.

Еске сала кетейік, бұған дейін шымкенттік ағайынды боксшылар Махмұд пен Төрехан Сабырхандар Англияның Ливерпуль қаласында әлем чемпионы атанған болатын

Махмұд Сабырхан 55 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, финалда испандық боксшыны жеңіп, екінші мәрте әлем чемпионы атанды. Ол бұған дейін де Азия мен әлем біріншіліктерінде топ жарған тәжірибелі спортшы.

Інісі Төрехан Сабырхан жастар арасындағы төрт дүркін Азия чемпионы әрі әлемдік турнирлердің жеңімпазы. Ол биыл ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионатында 70 келіге дейінгі салмақта топ жарып, алтын медаль иеленді.

Тэгтер:

Түркістан облысы әлем чемпионы Шардара