Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Бүгін, 12:54 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Бас прокуратура қазақстандықтарға әлемде қарқын алып жатқан жаңа киберқауіп туралы ескертеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шетелдік дереккөздерге сілтеме жасаған құзырлы органның мәліметінше, қаскөйлер Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жалған қаулыларды жаппай жіберіп жатыр. Хаттар мен хабарламалар электрондық пошта мен мессенджерлерге жіберіледі, ол жерде жүргізушіге, көлік нөміріне қатысты деректер және "айыппұл төлеу" үшін сілтеме көрсетілген.

"Шын мәнінде бұл – фишингтік шабуыл. Банк картасының деректерін енгізген кезде сіздің шотыңызға толық қол жеткізуге болады және барлық қаражатты ұрлау мүмкіндігі туындайды. Жекелеген жағдайларда сілтемеде құрылғыдан жеке деректерді ұрлауға арналған вирусты қамтиды.

Бүгінде шабуылдар Ресей мен АҚШ-та тіркелген, сондықтан мұндай схеманың Қазақстанда таралу қаупі бар", - делінген хабарламада.

Осы орайда Бас прокуратура әкімшілік айыппұл салу туралы ресми хабарламалар тек 1414 қысқа нөмірінен келіп түсетінін және төлем сілтемелерін қамтымайтынын еске салды.

"Салынған айыппұлдар туралы ақпарат egov.kz арқылы банктердің мобильді қосымшаларына да берілетінін естеріңізге саламыз.

Егер сіз 1414 нөмірінен айыппұл туралы хабарлама алсаңыз және онда төлем сілтемесі болса – ол бойынша өтпеңіз! Бұл алдау! Мұндай хабарламаларды алаяқтар жібереді", - деп ескертті құзырлы орган өкілдері.

Бас прокуратура азаматтарды алаяқтардан сақ болуға шақырып, мына кеңестерді ұсынды:

құрылғыны вирустың бар-жоғына тексеріңіз.

Тэгтер:

Бас прокуратура