Петропавлда өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден 43 адамды құтқарды

Бүгін, 12:30 / Алуа Арман
istockphoto.com

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт үшінші қабаттағы пәтерден басталған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құтқарушылар сатымен шығып, 42 адамды эвакуациялады, олардың ішінде 5 бала бар. Сондай-ақ 1951 жылы туған ер адамды түтін басқан бөлмеден шығарып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды. Ол ауруханаға жатқызылды.

"Өрттің шығу себебі – қуаттағыш құрылғының қысқа тұйықталуы", – делінген хабарламада.

Тэгтер:

Петропавл құтқарушылар өрт сөндіру