Telegram желісінің негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға келеді

Бүгін, 12:15 / Інжу Әлихан
instagram

2-4 қазан күндері Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық форумы өтеді. Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев бұл шараға Telegram арнасының негізін қалаушы Павел Дуров келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Министрдің Instagram желісіндегі парақшасында хабарлауынша, 2025 жылғы 2 қазанда Астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығы ресми түрде ашылады.

Салтанатты рәсім аясында жетекші әлемдік сарапшылар мен технология саласының көшбасшыларының қатысуымен пленарлық отырыс өтеді. Олар:

Форумды ұйымдастырушылар да Instagram-дағы парақшасында бұл шараға Павел Дуровтың қатысатынын растап, оның форумның арнайы қонағы болатынын жазған.

Тэгтер:

Павел Дуров