Алматыда жаңбырдан жол опырылып, 13 көлікке зақым келген

Бүгін, 11:42 / Інжу Әлихан
скриншот

Қалалық әкімдік Әуезов ауданы Аманжол көшесіндегі жол не себепті опырылғанына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, мердігер ұйым бұған дейін көшеде инженерлік желі жүргізген.

Асфальтбетон жамылғысын қалпына келтіру уақытша кейінге қалдырылған.

«Қалпына келтіру жұмыстары газ құбыры төселгеннен кейін жасалуға тиіс еді», - деп жазды қала әкімінің кеңесшісі Ильзат Акчурин.

Алайда жауын суы көшеге жиналып, жол төсеміне түсетін салмақты арттырған.

Қазіргі уақытта көше жабылды.

Мердігер ұйым зақымданған көліктердің иелеріне келтірілген шығынды толық өтемек.