Алматыда бұрынғы күйеуі әйелін екі баласының көзінше сабаған

Бүгін, 10:21 / Алуа Арман
istockphoto.com

Әйелдің айтуынша, шабуыл 28 тамызда болған. Ол өзіне бұрынғы күйеуі шабуыл жасағанын айтады, олар үш жыл бұрын ажырасқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

«2025 жылдың 28 тамызында мені үш жыл бұрын ажырасқан бұрынғы күйеуім қатты соққыға жықты. Кәмелетке толмаған екі баламыз бар», – деді зардап шегуші.

Оның сөзінше, шабуылдан кейін ол ауыр жарақат алып, жақ сүйегін қалпына келтіру үшін бірнеше операция жасатқан және ұзақ уақыт бойы ауруханада жатқан.

«Алайда, уақыт өткеніне қарамастан, құқық қорғау органдарынан нақты әрекеттерді көріп отырған жоқпын. Бұрынғы күйеуімнің отбасының жағдайы мен байланыстарының арқасында істі жауып тастауы мүмкін деп қорқамын», – деді ол.

Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаның болғанын растады. 36 жастағы ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 107-бабы ("Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша заңға сәйкес шаралар қабылданады.

Тэгтер:

Бала Әйел неке Күйеу