Бокстан әлем чемпионы Алуа Балқыбекова әкесіне көлік сыйлады (ВИДЕО)

Бүгін, 09:26 / Інжу Әлихан
Коллаж: Turkystan.kz

Жақында екі дүркін әлем чемпионы атанған Алуа Балқыбекова әкесіне бағалы сыйлық жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы блогер Бақытжан Ибрагим желідегі парақшасында жария етті. 

«Алуа әкесіне көлік сыйлады», - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, 14 қыркүйекте Алуа Балқыбекова Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатының алтын жүлдегері болатын. Отандасымыз финалда түркиялық қарсыласын тізе бүктірді.