Шымкентте Уәли мен Астық көшелерінің қиылысында ауыр жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алдын-ала мәлімет бойынша, көлікті жүргізуші куәлігі жоқ кәмелетке толмаған жасөспірім жүргізген. Ол рөлге ие бола алмай, бағанға соғылған. Жол апатының салдарынан жасөспірім жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Куәгерлердің айтуынша, көлікті бала айдаған, алайда жасөспірімнің әкесі рөлде басқа адам болғанын алға тартады.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Құқық қорғау органдары жол қозғалысына қатысушыларды барынша мұқият болуға және жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.