Жаңалықтар

2025 жыл­дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керек

2025 жыл­дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керек

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдауды жүктеді. Яғни, латын әліпбиіне көшудің кестесін әзірлеуді тапсырды. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісу керек деп жазды Елбасы "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында. «Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық. Қазақ тілінің әліпбиі тым тереңнен тамыр тартатынын білесіздер», - деп жазды Назарбаев «Егемен Қазақстан» газетіне шыққан мақаласында.