Елімізде 3 млн азамат несие алудан өз еркімен бас тартты

Бүгін, 07:54 / Нұрлан Әлинұр
Polisia.kz

Бұл қызмет ең алдымен алаяқтардан сақтанудың сенімді тетігі. Кез келген Қазақстан азаматы Egov mobile қосымшасына кіріп, өз еркімен несие рәсімдеуге тыйым сала алады. Бұл туралы Jibek joly телеарнасының жаңалықтар қызметінде айтты. 

Egov mobile қосымшасындағы «Стоп кредит» қызметінің іске қосылғанына бір жылдан асты.

Осы аралықта үш миллионнан астам отандасымыз несие алудан өз еркімен бас тартқан.

Бұл қызмет ең алдымен алаяқтардан сақтанудың сенімді тетігі. Кез келген Қазақстан азаматы Egov mobile қосымшасына кіріп, өз еркімен несие рәсімдеуге тыйым сала алады.

Бұл шектеуді қалаған уақытында алып тастай алады.

Егер «бас тарту» батырмасын басқанның өзінде, алаяқтар амалын тауып сіздің атыңыздан кредит алған болса, банктер бұл несиені сотсыз және тергеусіз есептен шығаруға міндеттеді.