Қазақстандық велоспортшылар Ресейдегі жарыста жеңімпаз атанды

16 қыркүйек, 2025 / Өтей Торғайұлы

Қазақстан велосипед спорты федерациясы сүйінші жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ресей Федерациясының Омск қаласында велосипедшілерге арналған халықаралық сайыс өтіп жатыр. Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасы үшін жарыстың алғашқы күні табысты өтті.

Жерлесіміз Кирилл Курдиди спринт жарысында 1-орынды иеленіп, алтын жүлдені жеңіп алды. Ал Рамазан Мұхтар 2-орынды иеленіп, күміс жүлдені қанжығасына байлады.

Тэгтер:

Ресей велосипед