Ливерпульде жеңіс тұғырынан көрінген боксшылар Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке ризашылықтарын білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Ассалаумағалейкум, Руслан аға. Жеңіс құтты болсын! Бұл - баршаға ортақ Қазақстанның жеңісі. Бұл жеңіске деген еңбектеріңіз зор. Қолдауларыңызға рахмет. Бұйырса, денсаулығыңызды жақсартып алыңыз, спаррингтерімізді жалғастырайық. Жаттығуларда өзіңіз жетіспейсіз. көп-көп рахмет. Мынау тұрған - шымкенттік бауырларыңыз, інілеріңіз. Шымкенттің бокс стилі бөлек қой енді. Бекзат Саттарханов ағамыздың жолын осы жігіттер жалғап келе жатыр", - деді Айбек Оралбай.
Оның бұл сөзін іліп әкеткен Махмұд Сабырхан да шенеунікке тілегін арнап, рахмет айтқан. Олардың бұл сәлемдемесіне Р. Берденов те жауап берген.
"Еліміздің мінезді алтын жігіттері. Спаррингтерді мен де сағындым. Қазақтың, Шымкенттің бокс мектебінің әлемге көрсететіні әлі де бар", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.