Қосшы қаласы газға қосылды

16 қыркүйек, 2025 / Өтей Торғайұлы
Сурет: Қосшы қаласының әкімдігі

Президент телекөпір арқылы Қосшы қаласын табиғи газға қосу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қосшы қаласын газдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл – тұрғындар көптен күткен маңызды жоба. Құрылыс жұмыстары былтыр мамыр айында басталған болатын. Газбен қамту жұмыстары кезең-кезеңмен жүзеге асып жатыр. Бүгін қаланы газбен қамтудың бірінші кезеңі толық аяқталып, 79 көшенің 31 мыңнан астам тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізу мүмкіндігіне ие болып отыр.

Енді осы тұрғындардың кез келгені «QazaqGaz Aimaq» АҚ тарапынан дербес түрде техникалық шарт алып, тиісті құрылғылармен жабдықталғаннан кейін газбен қамтылатын болады. Сондай-ақ, қаланы газдандырудың екінші кезеңі 2026 жылдың ІІ тоқсанында аяқталып, 50-ден астам көшенінің тұрғындарын қамтиды. 

Ал үшінші кезең аясында келесі жылдың ІІІ тоқсанында қаланың 11 мың тұрғыны көгілдір отынмен қамтылады. Газбен қамту жұмыстары тұрғындардың тұрмысын жақсартып қана қоймай, электр мен жылу желілеріне түсетін жүктемені азайтады, сондай-ақ орталық жылу қазандығының жұмысын жеңілдетеді.

Тэгтер:

Қосшы газ