Астана мен Алматыда жел күшейіп, жаңбыр жауады

Бүгін, 17:40 / Алуа Арман
istockphoto.com

Синоптиктер ауа температурасының төмендейтінін болжап отыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2025 жылғы 17 қыркүйек, сәрсенбі күніне арналған Астана мен Алматының ауа-райы болжамын ұсынды.

Астанада ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +16…+18°C.

Алматыда да ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с, кей уақытта екпіні 13 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +18…+20°C.

Тэгтер:

ауа райы Жаңбыр күз жел Жауын