Маңғыстауда миллиондаған қаржы жымқырғандар сотталды

Бүгін, 17:08 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Маңғыстауда мұнай-газ компаниясының басшылары сотталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Былтыр облыстық прокуратура мұнай-газ кәсіпорындарында тексеріс жүргізіп, «West Oil Software» ЖШС-де материалдық қамтамасыз ету саласында заңбұзушылықтар анықтады. Нәтижесінде сотқа дейінгі тергеу басталып, компанияның үш басшысы ұсталды.

Сот үкімімен олардың барлығы кінәлі деп танылып, әртүрлі жазаға тартылды. Соның ішінде бір басшы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.

Іс қаралған кезде сотталғандар мемлекетке келтірілген 261 млн теңге шығынды өтеген.

Тэгтер:

Маңғыстау