Биржада теңге бағамы нығайды

Бүгін, 16:11 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір АҚШ долларының орташа айырбас бағамы 539,54 теңгені құрап, 1,49 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 16 қыркүйектегі ресми доллар бағамы – 541,18 теңге.

Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау орындарында доллардың орташа сатып алу бағамы – 540,15 теңге, сату бағамы – 542,1 теңге. Астанадағы айырбастау орындарында доллар орта есеппен 537,47 теңгеден сатып алынып, 542,47 теңгеден сатылып жатыр.

Еске сала кетейік, 8 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысында доллардың орташа бағамы 2,64 теңгеге арзандаса, 9 қыркүйекте 1,67 теңгеге, 10 қыркүйекте 1,46 теңгеге, 11 қыркүйекте 0,65 теңгеге, 12 қыркүйекте 1,76 теңгеге, ал 15 қыркүйекте 0,34 теңгеге қымбаттаған еді.

Тэгтер:

Доллар теңге биржа нарық қор