Талғарда төбелес болып, Шерзат Полат қаза тапқан екі көшенің біріне оның есімі берілуі мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді. Ол Талғар әкімдігіне сондай ұсыныс жасаған.
«Шерзаттың атына көше берілсін! 16 жасар Шерзаттың қаны төгіліп, қайтыс болған жердегі көшелердің атаулары Менделлев және Русставелли деп аталалы. Екеуіде Талғарға , тіпті Қазақстанға еңбек сіңірген қазақ тұлғалалары емес. Кеңес өкіметін қалып қалған. Сондықтан мен Талғар қаласының әкімі Арыстан бауырыма Менделеев көшесін марқұм Шерзаттың атымен атауын ұсындым. Ол ұсынысыма мүмкіндігінше қолдау білдіретінін жеткізді.Неге ондай ойға келдім ол жайлы кейінірек түсіндіріп жатармын», – деп жазды ол желідегі парақшасында.