15 қыркүйек күні Алматы – Шелек – Қорғас автожолында жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Zakon.kz мәліметінше, Changan маркалы автокөліктің жүргізушісі батыс бағытта келе жатып, рөлге ие бола алмай, өзімен бір бағытта келе жатқан Volvo F 17 жүк көлігінің тіркемесіне соғылған.
Соқтығыстан кейін жеңіл көлік өртеніп, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Оның денесі моргқа жеткізілді.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат 147-шақырымда болған.
«Алдын ала деректер бойынша, Changan жүргізушісі жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көлік өртеніп, жүргізуші алған жарақаттары мен күйіктен сол жерде қайтыс болды», – делінген ресми ақпаратта.
Қазір құқық қорғау органдары істің мән-жайын анықтап, барлық қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр.