Степногорскте 6 жастағы бала көп қабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Бүгін, 14:26 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақмола облысының Степногорск қаласында алты жастағы бала екінші қабаттағы терезеден құлап кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға ересектердің бір сәтке алаңдаған кезінде болған.

Бала басынан, ішінен жарақат алып, аяғынан сырылып қалған. Ол Степногорск қалалық ауруханасына жеткізілді.

Ақмола облысының полициясы дабыл қағуда: Жыл басынан бері балалардың терезеден құлауына байланысты 15 жағдай тіркелген, оның үшеуі – өліммен аяқталған.

Көптеген қайғылы оқиғаның себебі – ата-ананың салғырттығы және терезеге арнайы бекіткіштердің қойылмауы.

Полицейлер терезеге қорғаныс құралдарын орнатып, балаларды бір сәтке де қараусыз қалдырмауға шақырады.

Тэгтер:

Бала Терезеден құлау Терезе Степногорск