Алматыда электр қуатының тарифі өзгеруі мүмкін

Бүгін, 12:32 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Алматы қаласы мен Алматы облысында электр қуатының бағасы кВт/сағ үшін 31,85 теңгеден 38,1 теңгеге өспек, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматылықтар үшін жарық 19,6% қымбаттамақ. Мұны өңірдегі ең ірі энергия тасымалдаушы ұйым "ЭнергоСбыт" ("Алатау Жарық Компаниясы" филиалы) өкілдері мәлімдеді.

Кәсіпорын өз шешімін "Алатау Жарық Компаниясы" өнеркәсіптік желілері арқылы электр энергиясын тасымалдау тарифтерінің 1 кВт/сағ үшін 12,96 теңгеден 14,25 теңгеге дейін немесе 10% көтерілуімен түсіндірді.

"ЭнергоСбыт" өкілдерінің айтуынша, ҚТЖ желілері арқылы электр энергиясын тасымалдау тарифтерінің 1 кВт/сағ үшін 3,66 теңгеден 5,41 теңгеге дейін немесе 47,8% көтерілуі бағаны көтеруге әсер етті.

Отырысқа төрағалық еткен табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Гүлмира Өтегенова заң бойынша компаниялардың кем дегенде ай сайын тарифтерді көтеру туралы хабарлама жіберуге құқығы бар екенін атап өтті.

Азаматтар "ЭнергоСбыттың" жоспарларына көңілі толмайтынын айтып, компанияның кадрлық және тарифтік саясатын сынға алды.

Тэгтер:

Алматы тариф электр қуаты