Қарағанды облысында ауқымды қарасора алқабы анықталды

Бүгін, 11:57 / Алуа Арман
polisia.kz

Абай ауданында "Қарасора — 2025" жедел алдын алу іс-шарасы аясында есірткі тектес өсімдіктерді өсіру және сақтаумен айналысқан жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Рейд барысында 41 жастағы күдіктінің үйінің ауласынан есірткі заттарының ірі партиясы табылды.

Тексеру кезінде полицейлер 40 түп кептірілген марихуананы тәркіледі. Олардың жалпы салмағы шамамен 5 келіні құрады. Бұған қоса, сатуға дайындалған тағы 5 келі кептірілген марихуана табылды. Сонымен қатар ауладан 68 түп өсірілген қарасора плантациясы анықталды.

Аталған дерек бойынша аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз өсіру және сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Тэгтер:

Есірткі Қарағанды облысы қарасора