Павлодар облысында Қазақстан аумағынан кетуден жалтарған Тәжікстан азаматы қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Аудандық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, Тәжікстан азаматы М. 2025 жылдың 12 наурызында ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, елден шығару жазасы тағайындалған. Алайда ол бұл шешімді орындамаған.
2025 жылдың қыркүйегінде «Қосақ» өткізу пунктінде шекара қызметі азамат М.-ді қайта ұстады. Ол Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзып, он тәуліктен астам уақыт бойы елден шықпай жүрген.
Сот осы құқықбұзушылық үшін азамат М.-ге екі тәулікке қамақ жазасын тағайындап, оны Қазақстан аумағынан әкімшілік жолмен шығару туралы қаулы шығарды.