Шардарада елді дүрліктірген оқиғаға қатысты тың дерек шықты

Бүгін, 07:54 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде әкесін балағаттап, ұрған жігіт туралы видео қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Тіпті келіні де жүйелі түрде ұрып-соғып, қорлап келген. Кейін қария қайтыс болды.

Аталған жағдайға қатысты Түркістан облысы Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. 

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Шардара ауданына қарасты Қоссейіт ауылының тұрғыны, Есіркеп Сәдібекұлы Садақбаев 2025 жылдың 2-нен 3-ші қыркүйегіне қараған түні көз жұмған.

– Туыстары дер кезінде хабарламағандықтан, медициналық қызметкерлер тарапынан қайтыс болу туралы анықтама берілмеген. Қазір мәйітке эксгумация жасалып, сараптама жүргізіліп жатыр. Қорытындысы шыққан соң қосымша мәлімет ұсынылады, - делінген Денсаулық сақтау басқармасы ұсынған ақпаратта.

Дәрігерлер нақты өлім себебін сот-медициналық сараптама қорытындысы шыққаннан кейін ғана хабарлайтын болады. Марқұм тірі кезінде «I11» және «M42» диагнозымен динамикалық бақылауда болған. Дене жарақаттары бойынша медициналық көмекке жүгінбеген әрі шағым түсірмеген