Қазақстандық продюсер Баян Алагөзова көлігінде видео түсіріп, қандай аурумен ауырғанын айтты , деп хабарлайды turkystan.kz.
Продюсер демалысын Түркияда өткізіп, қазір Қазақстанға оралғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, демалысы өте жақсы өткен.
«Мен коронавируспен ауырдым. Бұл жолы мүлде өзгеше болды. Абай болыңыздар, вирус әлі де айналып жүр. Мен он күн бойы орнымнан тұрмай жаттым. Өте ауыр өтті, бұған дейін бастан кешпеген бір түрі болды. Бұрын да бірнеше рет ауырдық, бірақ мұндай түрі болған емес. Шынымды айтсам, жағдайым өте қиын болды. Қазірдің өзінде кейбір белгілері сақталып тұр: әлсіздік кетпей жатыр», – деді Алагөзова.