Ақтауда екі катер соқтығысқан (ВИДЕО)

15 қыркүйек, 2025 / Өтей Торғайұлы

Әлеуметтік желілерде теңіздегі екі шағын катердің соқтығысу сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кадрларды «Elise» катерінде отырған жолаушы түсірген, бортта балалар да болған. Серуен барысында кенеттен қатты соққы орын алған.

Яхт-клуб «Бриздің» мәліметінше, «Izi» катерінің жүргізушісі ережеге сай оңға бұрылған, ал «Elise» керісінше солға қарай бұрылған. Салдарынан қайғылы жағдайға ұласқан соқтығыс болды. Оқиға 13 қыркүйек кешке, «Меловой» маягы маңында болған.

Тэгтер:

Ақтау катер