Солтүстік Қазақстан облысында 15 мың жылдық мамонт сүйегі кездейсоқ табылды. Бұл олжаны жергілікті тұрғын Әсет Шайкин балық аулап жүрген кезінде тапқан, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сүйек кейін белгілі археолог Анатолий Плешаковқа тапсырылды.
«Келесі жылы табылған жерден шұңқыр қазып көреміз. Егер сол жерден қаңқа мен құрал-саймандарды тапсақ, бұл біздің аумақтағы алғашқы палеолит ескерткіші болмақ. Сүйектің ұзындығы шамамен бір метр. Сүйек аса ірі жануарға тиесілі болған», - дейді ол.
Қозыбаев университетінің профессоры, тарихшы маманның айтуынша, ежелгі жануардың қалған бөлігі жердің астында болуы мүмкін.