10 қыркүйек күні Атырау – Алматы бағытындағы KC878 рейсін атқарған ұшақ қонуға дайындалып жатқан сәтте жолаушылардың бірінің денсаулығы күрт нашарлап кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz сайты АқЖайыққа сілтеме жасап.
Ұшақта болған атыраулық жедел жәрдем фельдшері Асман Аманжолұлы бортсеріктердің өтініші бойынша дереу алғашқы көмек көрсетіп, жолаушының жағдайын тұрақтандырды. Әуе кемесі Алматы әуежайына қонған соң науқасты жедел жәрдем қызметкерлері күтіп алды.
Air Astana оқиғаға байланысты ресми алғыс білдірді. Компанияның мәліметінше, жолаушының жағдайы қазір қанағаттанарлық.