Сот блогер Ерболат Жанәбіловке қатысты істі тоқтатып, тергеуге жіберді

Бүгін, 17:40 / Алуа Арман
Ғаламтор

15 қыркүйекте Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты блогер Ерболат Жанәбіловке қатысты істі тоқтатты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Судья оның әрекеттерінде қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттің белгілері бар екенін айтты.

Материалдар қосымша тергеу жүргізу үшін экономикалық тергеп-тексеру департаментіне берілді.

Бұған дейін Жанәбілов пен оның жұбайы Эльмира Төлегенова Instagram арқылы заңсыз лотерея ұйымдастырды деген айып тағылған еді. Тергеу нұсқасына сәйкес, жазылушылар ұтыс ойындарына қатысу үшін 30 мың теңгеден төлеген, ал ол «оқыту курстары» ретінде ресімделген.

Енді қылмыстық іс қозғалған жағдайда, блогерге әкімшілік айыппұлдан да қатаң жаза қолданылуы мүмкін.

Тэгтер:

блогер Ерболат Жанәбілов