Қазақстанда 1,2 трлн теңгеге 200-ден астам жоба қаржыландырылады – Үкімет

Бүгін, 17:19 / Інжу Әлихан
Үкімет. Фото: t.me/KZgovernment

Қазақстанда үш жылдық кезеңде жалпы сомасы 1,2 трлн теңге болатын 200-ден астам жоба қаржыландырылатын болады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарды таныстыру кезінде хабарлады.

Агроөнеркәсіптік кешендегі инвестицияларға тапсырыс» бастамасы аясында 5%-дық жеңілдетілген кредит беру бағытын  кеңейту жоспарлануда, ал «Даму» қоры агробизнестің қарыздарына 80%-ға дейін кепілдік беретін болады. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығын жүргізу мақсатындағы жерлерді беруге арналған конкурстар электронды түрде комиссияның қатысуынсыз өткізіледі.

Тэгтер:

Үкімет