Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір АҚШ долларының орташа айырбас бағамы 541,18 теңгені құрап, 0,34 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 15 қыркүйектегі ресми доллар бағамы – 540,84 теңге.
Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау орындарында доллардың орташа сатып алу бағамы – 539,66 теңге, сату бағамы – 541,53 теңге. Астанадағы айырбастау орындарында доллар орта есеппен 537,32 теңгеден сатып алынып, 542,32 теңгеден сатылуда.
Еске салайық, 8 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,64 теңгеге арзандаса, 9 қыркүйекте 1,67 теңгеге, 10 қыркүйекте 1,46 теңгеге, 11 қыркүйекте 0,65 теңгеге, ал 12 қыркүйекте 1,76 теңгеге өскен еді.