Алматыдағы көп қабатты тұрғын үйдің қасынан жасөспірімнің мәйіті табылды

Бүгін, 16:26 / Алуа Арман
t.me/zhest_kz_official/

Алматыдағы Шұғыла шағын ауданында орналасқан тұрғын үйлердің бірінде тұрғындар жасөспірімнің мәйітін тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы жағдай өткен жексенбі, 14 қыркүйек күні түскі уақытта болған. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды. Жазбада жасөспірімнің тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан құлап кеткені айтылған.

«Аталған дерек бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Мотиві мен мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тэгтер:

Жасөспірім суицид мәйіт көп қабатты тұрғын үй