Балуан Камиль Куруглиев Әлем чемпионатында қола жүлде үшін күреседі

Бүгін, 16:02 / Алуа Арман
olympic.kz

Қазақстандық балуан Камиль Куруглиев Загребте (Хорватия) өтіп жатқан Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

92 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жұбаныш белдесуінде Куруглиев италиялық Бенджамин Хонисті 4:3 есебімен ұтты.

Осылайша, отандасымыз қола медаль үшін күреседі. Оның қарсыласы ирандық Амирхоссейн Фирузпурбандпей болмақ.

 

 

Тэгтер:

Медаль Еркін күрес Балуан жүлде финал Камиль Куруглиев