Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Қытайдың Хучжоу қаласында өткен WTA 125 сериясындағы турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жібек финалда словениялық Вероника Эрьявецпен жұптасып, жапондық Аяно Шимицу/Момоко Кобориді 6:4, 6:2 есебімен ұтты.
Бұл 25 жастағы Жібектің WTA турнирлеріндегі жұптық сайыстағы алғашқы жеңісі болды. Бұған дейін ол ITF турнирлерінде 35 рет жеңіске жеткен.