Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райын оңтүстіктен келетін циклон мен соған байланысты атмосфералық фронттар қалыптастырады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазгидромет мәліметінше, көптеген өңірлерде найзағаймен бірге жаңбыр жауады, 16–18 қыркүйек аралығында елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Тек батыста құрғақ ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, ал 18 қыркүйекте солтүстік-батыста және солтүстікте түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Термометр бағандары мынадай көрсеткіштерді көрсетеді:
батыста: түнде – 5–16°, күндіз – 18–28°;
солтүстік-батыста: түнде – 1–10°, күндіз – 15–23°;
солтүстікте: түнде – 2–10°, күндіз – 15–23°;
орталықта: түнде – 2–11°, күндіз – 10–20°;
шығыста: түнде – 1–6°, күндіз – 15–20°;
оңтүстікте: түнде – 8–18°, күндіз – 15–25°;
оңтүстік-шығыста: түнде – 10–18°, күндіз – 15–25°.