«ForteBank» АҚ «Home Credit Bank» АҚ капиталына айтарлықтай қатысуға реттеушіден рұқсат алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) «ForteBank» АҚ-қа «Home Credit Bank» АҚ-тың банк холдингі мәртебесін алуға, сондай-ақ банктің капиталына айтарлықтай қатысуға келісім берді.
Келісім беруі Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарының орындалғанын және ForteBank ұстанып отырған ашықтық пен сенімділіктің жоғары стандарттарын растайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін «ForteBank» АҚ пен «Home Credit Bank» АҚ-тың акционерлері банктің 100% акциясын сатып алу туралы принциптік келісімге келген болатын.