Шымкентте дәрігерлер бесінші қабаттан құлаған жігітті аман алып қалды

Бүгін, 12:07 / Алуа Арман
istockphoto.com

Шымкентте 26 жастағы жігіт көп қабатты үйдің бесінші қабатынан құлап кеткен. Оған шұғыл ота жасалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Содан кейін ол бірнеше тәулік бойы комада жатып, тек бесінші күні есін жиған.

Нейрохирург дәрігердің айтуынша, ол миынан соққы алып, ашық бас-ми жарақаты болған. Маңдайы мен төбе сүйектері жаншылып, сынған.

Жарақаттардың күрделілігіне байланысты әртүрлі саланың дәрігерлері бірлесе жұмыс істеп, зақымданған ағзаны қайта қалпына келтіруге мәжбүр болды.

Ота сәтті өткен. Қазір жас жігіттің жағдайы жақсарып келеді. Өмірге қажетті негізгі функциялары қалпына келген, алайда алда оны жаңа оталар мен ұзақ оңалту кезеңі күтіп тұр.

Тэгтер:

Аурухана жас жігіт Құлау бесінші қабат