Солтүстік Қазақстанда жұмыс берушілер 553 жұмысшының жалақысын төлемеген

Бүгін, 11:44 / Алуа Арман
istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласының жұмыс берушілері 553 жұмысшыға жалпы сомасы 103,7 млн теңге жалақы төлемеген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Есіл және Уәлиханов аудандарында білім беру мекемелерінің 282 қызметкері арнайы киіммен (мақта-матадан тігілген халаттар, қолғаптар, отқа төзімді сіңдірілген алжапқыштар, қолғаптар және т.б.) қамтамасыз етілмеген. 

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жалақы берешегі толығымен өтелді, қызметкерлерге арнайы киім берілді, кінәлілер заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды. 

Жалпы, жыл басынан бері облыс прокуратурасы 3082 қызметкердің құқығын қорғады. 

Қадағалау органы жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын мүлтіксіз сақтау қажеттігін еске салады, оны бұзу заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Тэгтер:

жалақы қарыз еңбекақы берешек жұмыс беруші Солтүстік Қазақстан