Гимнаст Айбота Ертайқызы Чехияда өткен Гран-приде екі медаль еншіледі

Бүгін, 11:37 / Алуа Арман
olympic.kz

Қазақстандық Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Чехияның Брно қаласында өткен Гран-при кезеңінде жүлдеге ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Спортшы екі күміс медаль жеңіп алды.

Атап айтқанда, Ертайқызы ұршықтармен орындалатын жаттығуда (28,100 ұпай) және таспамен орындалатын жаттығуда (28,050 ұпай) екінші орынға ие болды. Сондай-ақ ол көпсайыста бесінші нәтиже көрсетті.

Тэгтер:

Медаль жүлде жеңіс Чехия Көркем гимнастика Айбота Ертайқызы гимнаст гран при