Атырау мен Құлсары қалаларында зейнетақы жинағын қолма-қол ақшаға айналдырған клиника қызметкерлері ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Атырау Today» телеграмм арнасының мәліметінше, Атырау қаласындағы бір клиника 22,9 млрд теңге, тағы екі емхана 32 млрд теңге, Құлсарыдағы бір мекеме 7,6 млрд теңгені жылыстатты деген күдік туып отыр.
«Атырауда зейнетақы жинақтарын жалған стоматологиялық қызмет арқылы қолма-қол ақшаға айналдырған топ ұсталды. Тінту кезінде миллиардтаған теңге, көліктер мен құнды заттар тәркіленді. Қазір шамамен 10 адам қамауда, бірақ қылмыстық схемаға қатысқан адамдардың саны елуден асуы мүмкін», - деп хабарлайды дереккөз.