Ақмола облысында қайтарылған активтер есебінен амбулатория салынады

Бүгін, 11:23 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жарқайың ауданының прокуроры Олжас Уәлиев жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, мемлекетке прокуратура органдары қайтарған активтер есебінен салынып жатқан әлеуметтік нысан: «Жарқайың ауданы Пятигорское ауылында дәрігерлік амбулатория салу» құрылысымен танысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл жоба алты жақын орналасқан ауылды қосаалғанда, 1800-ден астам тұрғынның алғашқы медициналық-санитариялық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылып жатыр.

Қазіргі таңда жоспарланған жұмыстың 95% аяқталды.

Құрылыстың толық көлемде аяқталуы жобаға сәйкес ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында жоспарланған.  

Тэгтер:

Ақмола облысы амбулатория қайтарылған активтер