Былтыр Талғарда кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полат пен оның ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевқа арнап ас берілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы асқа қатысқан блогер Жан Ахмадиев мәлім етті. Оған жүздеген адам жиналып, дүниеден өткендердің рухына Құран бағышталды.
«Шерзаттың жылдық асы өтті… Бір жыл зымырап өте шықты. Бірақ жүректегі жара әлі де жазылған жоқ.
Шерзаттың әділетсіз кеткені бүкіл елдің жанайқайы болып қалды. Әділет жолындағы күрес тоқтамайды. Біз Шерзаттың есімін ұмытпаймыз», - делінген жазбада.