Танымал әнші Балжан Бидаш сұхбат беріп, өзге ұлтқа тұрмысқа шығу жайлы ойын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Көпшілік «қазақ жігітіне жетпейді, қазаққа шықпай ма» деп айтып жатады ғой. Қазақ жігітке шығып, жылап, бақытсыз өмір кешеді, көзінде нұр жоқ. Орыс болсын, итальян болсын, бастысы бақытты. Ешкім саған мына ұлтқа шық, шық па деп айта алмайды. Әрине қазақтың ұрпағы, қазақтың саны көп болуы керек. Егер басқа ұлттың адамымен әңгімең жарасып, бақытты болсаң, мен оған қарсы емеспін», – дейді ол.
Алайда оның бұл сөзі желі қолданушыларына ұнамаған.
«Тексіздің сөзі», «Басқа ұлтқа шығып жыламайтыңа ешқандай кепілдік жоқ», «Қазақ жігітінің қадірін түсіріп тастады», «Ажырасқанның сөзі бітпейді», – деген оқырмандар түрлі пікір айтып жатыр.