Алакөлде төтенше жағдай режимі енгізілді

Бүгін, 09:33 / Інжу Әлихан
gov.kz

Абай облысының Мақаншы ауданында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«24kz» телеарнасының ақпаратынша, мұндай шешімнің себебі – ондаған туристік нысан шоғырланған Қабанбай ауылдық округіндегі жағалаудың шайылып кету қаупі.

Аудан әкімінің орынбасары Әлия Сарбаева барлық жедел қызметтер дайындық режиміне көшірілгенін түсіндірді. Олардың басты міндеті – қираудың алдын алу және туристік аймақты сақтау. Билік өкілдерінің айтуынша, төтенше жағдай режимі жағалаудың шайылып кету қаупі толық жойылғанға дейін сақталады.

Тэгтер:

Алакөл