Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 05:53 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

 «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

— 2025 жылғы 15 қыркүйекте Өскемен, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Астана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.