Наталья Богданова бокстан әлем чемпионы атанды

14 қыркүйек, 2025 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында Наталья Богданова (70 келі) алтын медаль алды.

Отандасымыз финалда бас жүлдені аустралиялық Лекейша Перголитимен сарапқа салды. 

Жекпе-жек барысында қазақстандық сенімді ойын көрсетті. Нәтижесінде Наталья ел құрамасы қоржынына алтыншы алтын медальды салды.