Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Ливерпульде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды. Осымен отандасымыз ел қоржынына бесінші алтынды түсірді.
70 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Төрехан Сабырхан финалда жапониялық Севон Окадзавамен қолғап түйістірді. Жекпе-жек төрешілер шешімімен қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды.
Отандасымыз әлем біріншілігінің чемпионы атанып, ел қоржынына бесінші алтын медальді түсірді.