Боксшы Аида Әбікеева ел қоржынына төртінші алтын салды

14 қыркүйек, 2025 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Қазақстан құрамасының боксшысы Аида Әбікеева әлем біріншілігінің алтын жүлдесіне ие болды. Ақтық сында ол өзбекстандық спортшыны жеңіп кетті.

65 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Аида Әбікеева финалда өзбекстандық Навбахор Хамидоваға қарсы жекпе-жек өткізді. Төрешілер шешімімен отандасымыз жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық спортшы ел қоржынына әлем чемпионатының төртінші алтын медалін түсірді.